Нұр-Сұлтанда 8 мектеп ашылды, оның ішінде елді мекенде ашылғандары да бар

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, бүгін қалада 8 жаңа мектеп ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

Сіздерді жаңа оқу жылының бірінші күнімен құттықтаймын! 1 қыркүйек – ата-аналар мен оқушылар үшін маңызды күн. Оқу жылын дәстүрлі офлайн-форматта бастаймыз. Баға үшін емес, білім алу үшін оқыңыздар! Күнделікті еңбек пен білім арқылы болашақта үлкен жетістіктерге жете аласыз! Ең бастысы – өзіңізге, өз күшіңізге сену.

Оқуға қолайлы жағдай жасау үшін жыл сайын жаңа мектептер салып жатырмыз. Биыл 15 мектеп саламыз, олардың 8-і ашылды. Жаңа мектептердің қатарында жеке инвестициялар есебінен салынған мектептер де бар.

Мысалы, бүгін №23 орта мектепте (Өндіріс елді мекені, Байқоңыр ауданы) болдым. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектепте жайлы корпус салынды. Жаңа мектеп екі ауысымда 1200 балаға есептелген. Жаңа ғимаратта робототехника, химия, биология, физика, "STEM", "Интеллектум", инклюзияны қолдау кабинеттері және т.б. кабинеттер бар. Президент атынан мектепке автобус берілді.

Сондай-ақ, бүгін №92 жаңа мектепке бардым (Майқайың көшесі, Алматы ауданы). Бұл мектеп 2400 оқушыға есептелген (екі ауысымда). Мектепте химия, биология, физика, робототехника, "STEM", "Интеллектум" және т.б. жаңа модификациядағы бірегей кабинеттер ашылды.

15 мектептің құрылысы 40 мыңнан астам оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Өткен жылмен салыстырғанда оқушы орындарының саны 2 еседен артық, ал 2019 жылмен салыстырғанда 4 еседен артық ұлғаймақ.

Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 67 мектеп салу жоспарланып отыр. Мектептерді МЖӘ аясында және жеке инвестициялар есебінен салып жатырмыз.

Инвестициялық кеңестерде тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие 30-дан астам жекеменшік оқу орынының құрылысына қолдау көрсеттік.

Баршаңызды оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық пен білім алуда құлшыныс тілеймін!» - деп жазды елорда әкімі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1479 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Кусаинова: Бишимбаев не должен отвечать за весь «старый Казахстан»
Адвокат экс-министра рассказала, что он не планировал защищаться в суде
4 мин. 710
Четверть всех расходов бюджета РК идёт на обслуживание госдолга
Ранее основной вклад в прирост расходов вносила социальная сфера
3 мин. 849
Защитник Бишимбаева: Три случая за год - это разве систематические побои?
Адвокаты экс-министра считают, что «на его месте может оказаться любой эмоционально неуравновешенный человек»
8 мин. 1496
Электромобили в Китае – новый вызов мировому автопрому
Добьются ли успеха китайские автопроизводители на международной арене?
5 мин. 3897
Экс-министра МВД взяли под стражу на два месяца
Как сообщили в Генпрокуратуре, это случилось ещё 30 апреля
60 сек. 4075
3 мая родились
Гани Касымов
политический и государственный деятель Республики Казахстан
Forbes Video

Түркияның IT-нарығын бағындырған қазақ кәсіпкері

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить