Лондонда қазақстандық және халықаралық сарапшылар ядролық қару қаупі және климаттың өзгеру проблемалары арасындағы өзара байланысты талқылады

Лондондық Вестминстердің орталық залында (Central Hall Westminster) Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына, сондай-ақ Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орайластырылған жоғары деңгейдегі іс-шара ұйымдастырылды.

«Гибридті» форматта өткен басқосуға әлемнің түкпір-түкпірінен спикерлер мен қонақтар қатысып, ядролық қару қаупі және климаттың жаһандық өзгеру проблемалары арасындағы өзара байланыс тақырыбын талқылады. Іс-шараның ерекшелігі пікір алмасуға әртүрлі буын өкілдерінің қатысуында – тәжірибелі сарапшылардың баяндамалары жастардың ой-тұжырымдарына ұласты.

Конференцияны өткізуге ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігінің серіктестері Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Парламентарийлер ядролық қаруды таратпау және жою үшін» форумы (PNND), сондай-ақ «Youth Fusion» халықаралық жастар ұйымы атсалысты. Пікірталасты Лондон университеті Халықаралық зерттеулер және дипломатия орталығының директоры Дэн Плеш және «Youth Fusion» қос жетекшісі Ванда Проскова жүргізді.

75 жыл бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясының (БҰҰ БА) тарихтағы алғашқы отырысы дәл осы Вестминстердің орталық залында өткенін атап өткен жөн. Сондай-ақ осы жерде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «атом энергиясын тек бейбіт мақсаттарда пайдалануды қамтамасыз ету үшін оны бақылауды» және «ұлттық қару-жарақтан атом қаруын және жаппай қырып-жоюға жарамды барлық басқа да негізгі қару түрлерін алып тастау» жөніндегі комиссиясын құратын БҰҰ БА-ның алғашқы қарары қабылданды.

Біздің заманымыздағы аса өзекті екі проблеманың өзара байланысы төрт панельдік сессия барысында, соның ішінде ядролық қаруды сынау мен қолданудың қоршаған ортаға қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді әсерін, халықаралық құқық пен азаматтық қоғамның рөлін айқындау барысында талқыланды.

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде ел тәуелсіздігінің 30 жылында дамуы мен жетістіктерінің негізгі кезеңдерін ашып көрсету арқылы іс-шараға ерекше серпін берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаһандық ядролық қарусыздануды ілгерілетудегі заманауи саясаты атап өтілді.

«2015 жылы Қазақстан Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларациясының бастамашысы болып, оны БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің көпшілігі қолдады. Бұл тұжырымдамалық құжатта барлық елдердің, ұйымдардың және азаматтық қоғамның ядролық қарудан азат әлемге көшуге деген дайындығы баяндалған. БҰҰ БА-ның 2015 жылғы желтоқсанда алғаш қабылданған тиісті қарары 2018 жылы расталды және осы жылы қайта жаңартылады. Сондықтан біз халықаралық қауымдастықтың қолдауына сенім артамыз», – деп атап өтті М. Тілеуберді.

Британ Парламенті Лордтар палатасының мүшесі, Жаһандық қауіпсіздік және таратпау жөніндегі жалпыпартиялық парламенттік топтың тең төрағасы Лорд Ханней ядролық қару және климат өзгеруінің негізгі проблемаларын атап өтті.

«Біз бүгін аталған жаһандық проблемаларды халықаралық қауымдастық бірден шешіп беруі тиіс деп талап етуден қорықпауымыз керек. Бізде оларды рет-ретімен шешуге тырысудың нақты мүмкіндігі жоқ. Біз оларды қазір шешу үшін саяси ерік-жігер мен ресурстар табуымыз керек», – деді ол.

Ядролық қаруға жұмсалатын қаражатты қайта бағыттаудың орындылығы туралы айта келе, спикерлер Елбасының әрбір мемлекеттің әскери шығындарының бір пайызын БҰҰ қорына аудару туралы бастамасының өзектілігін атап өтті.

«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының президенті Олжас Сүлейменов жас буын өкілдеріне жолдау жасады.

«Біз бір кездері бастаған іс бүкіл әлемде жалғасады деп үміттенемін... Бұл адамзат үшін өлімге әкелетін құралдың дамуын тоқтату үшін ортақ күресіміз болуы керек», – деп атап мәлімдеді ол.

Конференцияға қатысушылар Семей ядролық полигонында 1949-1991 жылдар аралығында жүргізілген сынақтар Қазақстан экожүйесіне ол жабылғаннан кейін де елеулі залал келтіруін жалғастырып жатқанын атап өтті. Климаттың өзгеруі, су ресурстарының қысқаруы, топырақтың тозуы, ауаның ластануы және биоалуантүрліліктің жоғалуы проблемалары бүкіл Орталық Азияның экологиялық, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігіне нақты қатер төндіреді.

Шараға қатысқан Ұлыбритания Парламентінің депутаты, Лейбористік партияның бұрынғы көшбасшысы Джереми Корбин Қазақстанның ядролық қарусыздану және таратпау ісіне қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, ядролық қарудан бас тартқанда, Қазақстан күшейе түсті, себебі ол әлеммен диалог құруда моральдық көшбасшылыққа ие болды.

Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы Роберт Флойдтың үндеуі ядролық сынақтардың апатты салдарларына арналды және биылғы жылы өзінің 25 жылдығын атап өтетін ЯСЖТШҰ-ны тез арада ратификациялау қажеттігін мәлімдеді.

Талқылау барысында заманымыздың ең өзекті екі жаһандық проблемасы – климаттың өзгеруі және ядролық соғыс қаупі – адамзаттың өмір сүруі мен әл-ауқатына экзистенциалды қауіп, бір-біріне қатерлі екендігі атап өтілді. Бір жағынан, төтенше ауа-райы мен температураның жоғарылауы геосаяси шиеленісті күшейтеді, бұл өз кезегінде ядролық қақтығыс қаупін арттырады. Екінші жағынан, ядролық қаруды дамыту, өндіру, сынау және қолдану көптеген жағымсыз экологиялық салдарға әкеледі.

Сессияаралық пікірталастарға көрнекті британдық қайраткерлер, депутаттар, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Адам қызметі жердің геологиялық өзгеруінің негізгі қозғаушы күшіне айналған және адамның биосфераға әсері бұрын-соңды болмаған ауқымға ие болған жаңа геологиялық дәуір – антропоцен дәуірінің бастапқы нүктесі дәл осы ядролық сынақтар болды деп санау керек деген ой айтылды.

Іс-шараның осы жылдың қараша айында Ұлыбританияның төрағалығымен Глазгода ұйымдастырылатын БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық конференциясы қарсаңында өткенін, оған өкілетті қазақстандық делегацияның қатысуы жоспарланғанын атап өту маңызды.

PNND жаһандық үйлестірушісі Алин Уэр мен Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов іс-шараны қорытындылап, халықаралық қауіпсіздікті, бейбітшілік пен өркендеуді сақтау ісінде ұрпақтар диалогын қолдауды жалғастыру ниетін атап өтті.

Конференцияға 50-ге жуық адам қатысып, онлайн тамашалаған көрермендер саны шамамен 400-ге жетті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1882 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3566
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2150
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3008
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

Айдын Аимбетов: Я готовился шесть лет, чтобы полететь в космос

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить