Ақмола облысында күзгі жәрмеңке өтті

Зеренді ауданының орталығында дәстүрлі күзгі жәрмеңке өтті. Онда жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен кәсіпорындардың өнімдері сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері, бал, май, көкөніс, саңырауқұлақ, жұмыртқа және шұжық нарық бағасынан 10-15 пайызға арзаанға сатылды. Сонымен бірге, Көкшетаудағы «Гормолзавод» ЖШС сүт және сүт өнімдері, ірімшіктің бірнеше түрі ұсынылды. «Химик» ЖШС мен «Колос» ЖШС сатуға арпа, шөп және сабан әкелді.

«Сенбі күні базарда ет 2200-2300 теңгеден болса, мұнда сиыр еті 1900 теңгеден, бұл жақсы баға», - дейді Зеренді ауылының тұрғыны Вера Густ.

Айта кетсек, бұл жолғы жәрмеңкеде сауда-саттықтан бөлек, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияланған аудан тұрғындары арасында лотерея ойнатылды. Ұтысқа Зеренді, Малик Ғабдуллин және Айдабол ауылдарының тұрғындары ие болды.

«Жәрмеңкеде өте жоғары деңгейде өтті. Азық-түлік бағасы арзан, Мен сәбіз, май, қаймақ, жұмыртқа сатып алдым. Келер жәрмеңкеге дейін азық-түлік қорын жасап алдым», - дейді ауыл тұрғыны Надежда Михайловна Окользина.

Жалпы, жәрмеңке барысында 12 миллион теңгенің өнімі саудаға шығарылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
945 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4241
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2937
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3700
14 августа родились
Ерлан Кошанов
председатель мажилиса парламента Республики Казахстан
Ерлан Тургумбаев
советник президента РК, экс-министр внутренних дел
Forbes Video

Нурлан Смагулов: Цены на авто, утильсбор, долги MEGA, «агашки», аукционы, бизнес за границей

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить