Қазақстандық жас ғалымдар жасанды спутник конструкторларын ойлап тапты

Қазақстандық ғалымдар жасанды спутник конструкторларын, инсульттан кейін оңалтуға арналған тренажерлер мен титан импланттарын ойлап тапты, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Жердің кіші жасанды спутниктерінің инновациялық конструкторларын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ойлап тапты. Құрылғы оқушылар мен студенттерді ғарыштық аппаратты жобалау және құрастыру негіздеріне үйретуге арналған. Жабдық мемлекеттік тілде бағдарламалық қамтамасыз етумен және қажетті әдістемелік материалдармен жарақталған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Илон Маск компаниясы ЖОО ғалымдары әзірлеген «Al-Farabi -2» наноспутнигін іске қосқан болатын.

«Конструктормен жұмыс істеу барысында білім алушылардың технология саласындағы дағдылары дамиды. Олар осы ғарыш аппаратын жобалауда практикалық білім алады. Конструктордың көмегімен оқушы немесе студент өз наноспутнигін жинап, оны гелий шарының көмегімен стратосфераға жібере алады. 2017 жылы ҚазҰУ-дың «Al-Farabi-1» алғашқы наноспутнигі ғарышқа ұшырылғанын атап өткім келеді. 2018 жылы Илон Маск компаниясы біздің университетте құрылған «Al-Farabi-2» екінші наноспутнигін іске қосты», — деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінің директоры Әмірхан Темірбаев.

Сондай-ақ ҚазҰУ ғалымдары физика заңдарын зерттеу үшін мобильді аппараттық-бағдарламалық кешен құрды. Жабдықтың көмегімен әртүрлі зертханалық жұмыстарды жүргізуге болады. Кешен басқа жабдықтармен салыстырғанда бірқатар артықшылыққа ие. Мобильді аппараттық-бағдарламалық кешен ықшам және мобильді: бүкіл кешен портативті чемоданға салынып, батареямен жұмыс істейді.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары медициналық имплантант үлгілерін шығару бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік учаскі құрды. Өнімдер жергілікті шикізат — жоғары сапалы титаннан жасалған. Жоба жоғары технологиялық саланың импортын алмастыруға бағытталған. Отандық импланттар өзіндік құны бойынша айтарлықтай төмен, яғни азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына қолжетімді.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
871 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4241
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2937
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3700
14 августа родились
Ерлан Кошанов
председатель мажилиса парламента Республики Казахстан
Ерлан Тургумбаев
советник президента РК, экс-министр внутренних дел
Forbes Video

Раимбек Баталов – о молоке, кредитах и прозрачности

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить