KAZ Minerals Limited («KAZ Minerals» немесе «Топ») бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтоғайды кеңейту жобасын ашты деп хабарлайды. Қуатты жылына 25 млн тонна болатын жаңа байыту фабрикасында тауарлық өнім өндірісі жақын арада басталады деп күтілуде. Топ биылғы жылдың төртінші тоқсанында тұтынушыларға мыс концентратын жеткізуді бастауды жоспарлап отыр. COVID-19 пандемиясымен байланысты қиындықтарға қарамастан, Ақтоғайды кеңейту жобасы бекітілген кесте мен бюджетке сәйкес аяқталды. Бұл Топтың осындай жобаларды іске асырудағы табысты тәжірибесінің жалғасы.
Екінші байыту фабрикасы Ақтоғайдағы сульфидті кенді қайта өңдеу қуатын жылына 50 млн тоннаға дейін арттырады және өндірісті ұлғайтуды аяқтаған соң Топтың мыс шығару көлемін айтарлықтай арттырады деп күтілуде. Кеңейту жобасының құны $1,2 млрд жуық. Сондай-ақ, Ақтоғайдағы жұмыс орындарының саны айтарлықтай ұлғаяды.
KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук: «Мен KAZ Minerals Ақтоғайды кеңейтуді ойдағыдай аяқтап, жобаларды іске асырудағы мүмкіндіктерін тағы да бір көрсеткеніне қуаныштымын. Жаңа байыту фабрикасы - аз шығынды ұзақ мерзімді активтері басым Топтың портфеліндгі құнды құрамдас».
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»
