Бауыржан Камалиевтің жаңа рекорды: полицей-палуан 42 тонналық ұшақты орнынан қозғалтты

Елордалық полицей Бауыржан Камалиев ұшақты тіркеп сүйреу бойынша рекорд орнатты. Ол 42 тонналық Airbus ұшағын орнынан жылжытты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция майоры өз жетістігін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнады. Күштік экстриммен айналысатын полицей әуе кемесін 10 метрге сүйреді.

Бұған дейін рекордшы электровозды тарту бойынша әлемдік рекорд орнатқан. Ол жалпы салмағы 276 тонна болатын екі теміржол локомотивінің рельстерінен 10 метр қашықтықта Гиннестің рекордын жаңартты.

Ауыр атлет Бауыржан Камалиевтің айтуынша, атлет үшін спорт – бұл оларды өсіріп дамытатын жол және өз мақсаттарына жетіп айналасындағы адамдарды салауатты өмір салтына тартатын өмір.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті “Алматы” ауданы ПБ аға жедел уәкілі Бауыржан Камалиев өзінің қызметінде қылмыспен күресіп, ауыр қылмыс түрлерін ашады. Палуанның алдағы жоспары салмағы 350 тонна болатын жүкті тарту болып табылады.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1095 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3880
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2544
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3289
Forbes Video

Декларирование: ответы на вопросы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить