Қазақстанда бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Қазіргі жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин баяндады.

Биылғы қарашада қабылданған шаралар есебінен азық-түлік инфляциясының өсу қарқыны жылдық мәнде 0,4 пайыздық тармаққа 0,9%-ға дейін, ал жалпы инфляцияда 0,2 пайыздық тармаққа 8,7%-ға дейін төмендеді.

Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0%-ды құрады. 15 өңірде бағаның өсуі тіркелген жоқ, 3 өңірде: Нұр-Сұлтан қаласында 0,2%-ға, Павлодар және Маңғыстау облыстарында 0,1%-ға бағаның төмендеуі байқалады. Бесінші апта қатарынан қарақұмық (-0,6%), қант, сәбіз, тауық еті мен күріш (-0,1%) бағасының төмендеуі байқалады. Қалған өнімдердің бағалары тұрақты.

«Айналым схемасын» қаржыландырудың нысаналы деңгейі ел бойынша 99,4%-ға қамтамасыз етілді. «Айналым схемасы» бойынша алға қойылған міндеттер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында орындалды. Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жүргізіліп жатқан жұмыстардың төмен деңгейі тіркелді.

Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қостанай және Алматы облыстарындағы рожки, ұн, құс еті нарығы субъектілерінің атына бағалық сөз байласу және үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің болуы туралы 6 ескерту жіберді. Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарында өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға дейін төмендету туралы монополияға қарсы комплаенстің 23 актісі жасалды. Жалпы, республика бойынша монополияға қарсы комплаенстің 183 актісі жасалды.

Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қолданыстағы барлық құралдарды пайдалану арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету шараларын одан әрі орындауды тапсырды.

Өңірлердің әкімдіктеріне тұрақтандыру қорларында бес айлық азық-түлік қорын қалыптастыру, азық-түлік өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу, сондай-ақ делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін жандандыру тапсырылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1305 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
По верхней границе диапазона: Zeekr вышла на IPO
Листинг автопроизводителя стал крупнейшим размещением в США среди китайских компаний за последние три года
2 мин. 4683
Двусторонние переговоры Азербайджана и Армении проходят в Алматы
Министры иностранных дел двух стран прибыли в Дом дружбы
2 мин. 1791
Теннисный турнир Visa Open 2024 открыл сезон в Gorky Tennis Park
5 и 6 мая в Gorky Tennis Park было шумно: мощные игры, красивые пары, зрелищные розыгрыши и неожиданные победы. Всё это — Visa Open 2024
2 мин. 1478
Ветер перемен: что ждёт банковский сектор Казахстана
И как менять его регулирование
11 мин. 12898
По верхней границе диапазона: Zeekr вышла на IPO
Листинг автопроизводителя стал крупнейшим размещением в США среди китайских компаний за последние три года
2 мин. 4683
Серик Толбасы передаёт активы в REIT TSPG
Казахстанский предприниматель формирует новые стандарты инвестиций в торговую недвижимость
5 мин. 11377
11 мая родились
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Курмангазы Исказиев
и.о. председателя правления НК «КазМунайГаз»
Forbes Video

Режиссер «5:32» Алишер Утев о том, как коррупция убивает казахстанское кино

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить