Асқар Мамин қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады.

«Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Өткен 2021 жылы оңай болған жоқ, алайда еліміз үшін табысты жыл болды – халқымыздың ерік-жігерінің арқасында біз қиындықтарды ойдағыдай еңсеріп, экономиканың негізгі салаларының орнықты өсуін қамтамасыз еттік. Сондай-ақ елдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыра алдық.

Биыл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ауқымды міндеттерін іске асыру, пандемияның ықтимал жаңа толқынына қарсы тиісті шараларды қабылдау, қазақстандықтардың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын одан әрі жақсарту бойынша көп жұмыс атқаруымыз қажет.

Біздің ауызбіршілігіміз, еңбексүйгіштігіміз және жарқын болашаққа деген үмітіміз нақты жоспарларымызды жүзеге асыруға, алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімдімін!

Барлық қазақстандыққа зор денсаулық, жақындарыңызға амандық-саулық және тың бастамаларыңызға табыс тілеймін! Жаңа жыл әр отбасыға сарқылмас қуаныш пен бақыт нұрын сыйласын!»

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1463 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2744
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
20 мая родились
Нурлан Сауранбаев
председатель правления НК «Казахстан темир жолы»
государственный деятель, экс-госсекретарь Республики Казахстан
Forbes Video

Зачем нужны микрофинансовые организации и что стоит знать перед получением займов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить