Елордада Жаңа жылда 125 жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етті

Нұр-Сұлтанда «103» қызметінің диспетчерлері қала тұрғындарынан 2 300 хабарлама қабылдап, 1 400-ден астам шақыртуға қызмет көрсетті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа жыл түні хабарламаларды 13 диспетчер қабылдады және тұрғындарға фельдшерлер мен жүргізушілерден құралған 355 маман көмек көрсету үшін шықты. Барлығы 125 жедел медициналық көмек бригадасы 1 қаңтарға қараған түні азаматтарды шақыруға шықты, оның ішінде МСАК ұйымдарының бригадалары да бар.

Бригада фельдшері Алмат Азатжанов жаңа жыл түнгі ауысымы қалай өткенін айтты.

«Бұл жолғы ауысымда бригадамен шақыртуға бес рет шықтық. Оның кез келгенінде қабылдау бөлмелеріне немесе жарақат пунктіне жедел жеткіздік. Онда дәрігерлер ылғи да дайын әрі жылдам көмек көрсетеді. Жалпы, ауысым тез өтеді. Жұмысым өзіме ұнайды, сол себепті отбасыммен бірге болмағаныма өкінбеймін. Алда әлі де уақыт болады», – дейді фельдшер.

Қалалық ауруханалардың бәрі күшейтілген режимде жұмыс істеді. Ол үшін қосымша палаталар мен төсек-орындарын ұйымдастыру қарастырылған. Мәселен, Жаңа жыл қарсаңында елордалық клиникалардың 200-ге жуық медицина қызметкері кезекшілікте болды. Оның құрамында барлық кәсіби мамандар болды: травматологтар, хирургтар, акушер-гинекологтар, реаниматологтар және басқалар.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1795 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4150
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2848
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3552
27 июня родились
Анатолий Побияхо
основатель и основной акционер Line Group
Forbes Video

Доктор Хегай – о лекарствах, лоббистах и недостатках медицины Казахстана

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить