Нұрлан Ноғаев ақтаулықтармен кездесті

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сұйытылған мұнай газының бағасын төмендетуді талап етіп, көшеге шыққан Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«Нұрлан Ноғаев жиналғандарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша сұйытылған мұнай газының бағасын төмендетуге қатысты үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді. Облыстың жанармай стансаларының иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастама көтеріп, газ құнын 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады», - деп жазылған әкімдік таратқан ақпаратта.

Ел алдындағы сөзінде Нұрлан Ноғаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай стансасы иелерінің баға бойынша сөз ына қатысты тергеуді бастағанын айтқан. Әкім ақтаулықтарды да қоғамдық тәртіпті сақтап, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуіне жол бермеуге шақырды.

Кездесуге Үкіметтің тапсырмасы бойынша құрылған комиссия құрамына кіретін Энергетика министрлігі мен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері қатысты.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1187 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3785
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2440
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3193
Forbes Video

Түркияның IT-нарығын бағындырған қазақ кәсіпкері

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить