Қасым-Жомарт Тоқаев: Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс

ҚазАқпарат - Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында осылай жазды.

«Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді.

Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс», - деді президент.

Еске сала кетсек, Президент кеше Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырған еді. ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкімет комиссиясы құрылғанын жария етті. Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарайтын Үкіметтік комиссияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов басқаратын болды.

Айта кетерлігі, Маңғыстау облысындағы жанармай стансаларының иелері сұйытылған мұнай газының құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдағаны мәлім болды. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Отын-энергетика өнеркәсібі департаменті басқармасының басшысы Қуат Асамбеков Маңғыстау облысындағы жағдайға байланысты «картельдік келісім» бойынша тергеу басталғанын айтты.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкімет комиссиясы құрылғанын жария етті.

Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарайтын Үкіметтік комиссияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов басқаратын болды.

Айта кетерлігі, Маңғыстау облысындағы жанармай стансаларының иелері сұйытылған мұнай газының құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдағаны мәлім болды.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Отын-энергетика өнеркәсібі департаменті басқармасының басшысы Қуат Асамбеков Маңғыстау облысындағы жағдайға байланысты «картельдік келісім» бойынша тергеу басталғанын айтты.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1463 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2743
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3450
20 мая родились
Нурлан Сауранбаев
председатель правления НК «Казахстан темир жолы»
государственный деятель, экс-госсекретарь Республики Казахстан
Forbes Video

Ермек Турсунов: Мне не нравится жить в этой стране

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить