Кербұлақ тұрғындары ілбісті табиғи ортасына қайтаруға себепші болды

Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Кербұлақ кентінің тұрғындары жалғыз қалған таутанның (ілбістің ұрғашысы – ред.) үйреншікті мекеніне аман жетуіне себепші болды.

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Оқиға 3 қаңтар күні болған. Сағат 12:00-лер шамасында Кербұлақ кентінің Әмірхан Ағамбаев, Саят Әктай және Бекдәулет Жеңісұлы дейтін тұрғындары елді мекен маңындағы далада жалғыз қалған ілбісті (қар барыс) байқайды. Таутанның адам жақындаса да қашпайтынын, тіпті бой тасалауға да тырыспағанын байқап, тұрғындар тиісті мамандарға хабар берген.

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Охотзоопром» РМҚК инспекторлары келгенше тұрғындар жыртқышты таса қылмай күткен.

«Табиғи парк инспекторлары Зоология институтының ғылыми қызметкерлерімен бірлесіп, жыртқышты «Алтынемел» паркінің аумағына жеткізді. Сағат 20.00 шамансында таутанның мойнына спутникке жалғанған мойынбау тағылып, үйреншікті мекеніне қоя берді. Айта кету керек, бұл «Алтынемел» аумағында тұратын ілбістерге тағылған үшінші мойынбау. Фототұзақ көмегімен алынған мәліметтер бойынша, саябақта 10-ға жуық ілбіс мекендейді. Ұлттық парк осы сирек кездесетін жануарларды сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолға алады», - деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2493 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4043
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2742
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3449
19 мая родились
Бейбут Атамкулов
посол РК в Узбекистане, экс-министр индустрии и инфраструктурного развития РК
Алик Айдарбаев
государственный деятель, экс-аким Мангистауской области
Forbes Video

Куралай Нуркадилова: письмо Токаева, политические амбиции

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить