Жамбылда мерекеге орай 7600 аз қамтылған отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді

ФОТО: архив пресс-службы

Жаңа жыл мерекесіне орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес әлеуметтік осал топтағы отбасыларға бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді.

Жалпы, облыс бойынша 7600 отбасыға 100 млн. 409 мың теңгенің демеушілік көмегікөрсетілді. Олардың қатарында аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, жалғыз басты зейнеткерлер және мүгедек балалар бар.

Көмек негізінен азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар, жаңа жылдық сыйлықтардан тұрды.

Облыс әкімі өзі бастап көп балалы отбасылардың шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.

Бердібек Сапарбаев алдымен 5 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Ақжан Өміралиеваның үйіне барды. Оның балаларының үлкені 15 жаста болса, кішісі бір жаста. Қазір көпбалалы ана бала күтімімен үйде отыр.

Бұдан кейін аймақ басшысы Жайна Тоқсейітованың шаңырағында болды. «Алтын алқа» иегері жалғыз өзі 7 баланы тәрбиелеп отыр. Әңгіме барысында Ж.Тоқсейітова облыс әкімінежалдамалы баспанада тұрып жатқанын жеткізді.

Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевқа «Асарлатып үй салу» жобасы аясында көп балалы отбасының үйлі болуына көмектесуді тапсырды.

Бұдан соң облыс әкімі 6 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Гүлжазира Тасқынбекованың отбасын құттықтады.

Аймақ басшысы көп балалы аналарға бағалы сыйлықтар табыстап, ізгі тілегін білдірді.

– Әрбір ұлттың, мемлекеттің болашағы отбасынан басталады. Ана мен баланы қолдау, отбасы құндылықтарын нығайту және дамыту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі. Жаңа жыл құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт тілеймін! Әр шаңырақта тыныштық, жақсылық, береке орнасын! Армандарыңыз орындалсын! – деп тілегін білдірді облыс әкімі.

Өз кезегінде көп балалы аналар көп балалы және аз қамтылған отбасыларға барынша көңіл бөліп отырған Мемлекет және облыс басшылығына ризашылықтарын білдірді

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1443 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2743
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3450
20 мая родились
Нурлан Сауранбаев
председатель правления НК «Казахстан темир жолы»
государственный деятель, экс-госсекретарь Республики Казахстан
Forbes Video

Куанышбек Есекеев: 5G, интернет в сёлах и киберспорт

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить