Ставка төмендейді, кейбір азаматтарға кредит берілмейді – жаңа ұсыныстар

Қазақстанда кредиттердің пайыздық ставкасы төмендетіліп, несие төлеуге шамасы жетпейтін азаматтарға кредит беру шектеледі. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттік президенттің тұтынушылық кредитті реттеу тапсырмасын орындау үшін бірқатар шараны жүзеге асырады.

"Банктерге және микроқаржы ұйымдарына қатысты тәуекелі жоғары тұтынушылық кредиттер бойынша қосымша шектеулер енгізу қарастырылады. Нәтижесінде төлем жасау қабілеті жеткіліксіз қарыз алушыларға кредит беру шектеледі", - деді Әбілқасымова үкімет отырысында.
Сондай-ақ үкімет әзірлеп жатқан "Жеке тұлғалардың банкроттығы" туралы заң жобасы аясында жеке тұлғалардың банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кредиттері бойынша, оның ішінде коллекторларға берілген проблемалық берешекті реттеу жөнінде шаралар қабылданады.

Жеке тұлғалардың кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды реттеу күшейтіледі.

"Ол үшін ставкалардың шекті мәнін төмендету, сондай-ақ кредит бойынша сыйақының тиімді ставкасы есебіне қарыз алушының кез келген комиссиялары мен төлемдерін қосу көзделіп отыр. Бұл жаңадан берілетін кредиттер бойынша халықтың борыш жүктемесінің өсуін шектейді", - деді агенттік төрағасы.

12 қаңтарда мәжілісте өткен жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың кредитті көп алып жатқанына назар аударды. Тұтынушылық кредиттердің мөлшері бизнесті кредиттеу көлемінен асып кеткен. Президент бұл қаржы нарығын құбылтып, әлеуметтік тұрақсыздық қаупін тудыруы мүмкін екенін ескертті.

Осыған байланысты мемлекет басшысы шектен тыс қарыздың көбеюін болдырмау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен бірлесіп, пруденциялық реттеу тетіктері арқылы нақты әрі жедел шешім қабылдауды тапсырды.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2064 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3788
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Как ведет свой бизнес Баян Алагузова?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить