Қазақстанның әскерлері жаңа үлгідегі арнайы техникалармен толықты

 Қазақстанның РХБҚ әскерлері жаңа үлгідегі арнайы техникалармен толықты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлайды.

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің жарақ құрамына биологиялық барлау машиналарының заманауи кешендері келіп түсті.

«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын іске асыру аясында Қорғаныс министрлігі Қазақстан әскерін техникалық мен жауынгерлік жарақтандыру мәселелерін пысықтауда. Отандық үлгідегі қару-жарақ әзірлеу басым бағыт болып табылады.

Отандық «ОТС NETWORK» компаниясы биологиялық барлау кешендерін әзірлеп шығарды. Олар әскерлердің қажеттіліктеріне қарай зияткерлік ақпараттық технологияларды қолдана отырып жобаланды. Биологиялық сипаттағы төтенше жағдай аумағындағы арнайы техника патогендерді анықтау және оларды шұғыл талдау үшін зертхана жарағымен, жедел түсірілім жүргізуге қажетті шолу бейнекамерасымен жабдықталған. GPS/Глонасс терминалының биологиялық зақымдау аймақтарының деректерін тіркеу және жерсеріктік байланыс жүйесі арқылы мәліметтерді жедел беру мүмкіндігі бар.

Қазіргі уақытта мобильдік кешендерді жинақтау мен жұмысқа қабілеттілігін тексеру сынақтары аяқталды. Жеке құрам оларды пайдалануды оқып-үйренді. Жуырда арнайы жабдық мақсатқа сәйкес қолдану үшін әскерлерге жіберіледі.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1578 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4042
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2741
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3447
17 мая родились
Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан
Игорь Рогов
председатель комиссии по правам человека при президенте РК
Forbes Video

КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить