Қошанов: Ел тарихының даму кезеңінің ең жауапты кезінде тұрмыз

 Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы қызметіне Ерлан Жақанұлы Қошановты бірауыздан сайлады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Ерлан Қошановтың кандидатурасын Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров ұсынды: «Ерлан Жақанұлы еңбек жолын қарапайым темір шеберінен бастаған, еңбек адамының мүддесін біледі. Заң шығару саласында кешенді тәжірибесі бар, Парламент Сенатының депутаты болған, Өкіметтің Парламенттегі Өкілі қызметін атқарған. Аймақтардағы халықтың, азаматтардың әлеуметтік мұң-мұқтажын жақсы біледі. Қарағанды облысының Жезқазған өңірінде еңбек еткен, Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарған», - деді.

Отырыс барысында Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Конституциясы 58-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген Мәжіліс депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланды.

Депутаттар алдында сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов өз кандидатурасын қолдап, сенім көрсеткен депутаттарға ризашылығын білдірді.

Өмір жолымның бірқатар уақыты осы Парламент қабырғасында өтті. Сіздердің сенімдеріңіздің арқасында, осы абыройлы жұмысты бірге жалғастырамыз деп ойлаймын. Парламент Мәжілісіне жетекшілік ету бұл, әрине, ерекше мәртебе. Бұл Қазақстан халқы мен Мемлекет басшысының алдындағы зор үлкен жауапкершілік. Бәрімізге белгілі, ел тарихының даму кезеңінің ең жауапты кезінде тұрмыз. Осы уақытта Президентіміз жан-жақты және түбегейлі реформалар ұсынатынын атап өтті. Бұл реформаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету барлығымыздың, әсіресе, Мәжіліс депутаттарының ортақ міндеті. Ел мүддесі үшін адал еңбек етейік. Мәжілістің жұмысын жаңа деңгейге көтерейік, - деді Ерлан Қошанов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2030 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3880
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2544
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3289
Forbes Video

Мовчан: Казахстан не может жить идеально, когда в мире проблемы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить