Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк төрағасы болды

Парламент сенаты Қазақстан президентіне Ұлттық банк төрағасына Ғалымжан Пірматовты тағайындауға келісім берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Конституцияның 44-бабына сәйкес, сенаттың келісімін алу үшін президент Ұлттық банк төрағасына үміткер ретінде Ғалымжан Пірматовты ұсынып отыр", - деді президент әкімшілігінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов сенаттың жалпы отырысында.

Сенат депутаттары Пірматовтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Ғалымжан Пірматовтың өзі денсаулығына байланысты сенат отырысына келе алмады.

Сүлейменовтің айтуынша, ол коронавирустан емделіп жатыр.

Айта кетері, Конституцияға сәйкес, Ұлттық банктің төрағасын Қазақстан президенті парламент сенатының келісімімен тағайындайды. Бұған дейін Ұлттық банкті үш жыл бойы Ерболат Досаев басқарды. Жуырда ол Бақытжан Сағынтаевтың орнына Алматы қаласына әкім болып барды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1441 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4238
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2934
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3697
14 августа родились
Ерлан Кошанов
председатель мажилиса парламента Республики Казахстан
Ерлан Тургумбаев
советник президента РК, экс-министр внутренних дел
Forbes Video

Владелец Line Brew: первое за 10 лет интервью

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить