Қостанай облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жаңа басшы келді

Бүгін өңір басшысы Архимед Мұхамбетов ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Олжас Абайұлы Бектеновтің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Қостанай облысы әкімінің сайты.

Отырыс басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы таныстырылды. Облыстық Мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы болып Серікжан Қуанышбекұлы Мырзалы тағайындалды.

Серікжан Қуанышбекұлы құқық қорғау органдарында да, Қостанай облысында да кең тәжірибесі бар.

Одан әрі отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шараларының жоспары талқыланды.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында келесі бес жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленді.

«Президент өз сөзінде, ауыл шаруашылығын субсидиялау, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен теміржол саласындағы көліктік сервис орталығының қызметі және т. б. салалардағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты сынға алды.

Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Комиссияның жоспардан тыс отырысын өткізу жоспарланған, онда осы мәселелер қаралып, нақты шаралар қабылданатын болады. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын да атап өтті. Бұл бағытта үздіксіз жұмыс жалғасатын болады», - деді өз сөзінде О.Бектенов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1551 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4238
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2934
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3697
13 августа родились
Айгуль Нуриева
№19 в рейтинге Forbes Kazakhstan «50 богатейших бизнесменов Казахстана – 2019»
Forbes Video

Айдын Аимбетов: Я готовился шесть лет, чтобы полететь в космос

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить