Энергетика министрі бекітілген газ бағасын жариялады

Энергетика министрі Болат Ақшолақов бекітілген газ бағасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бекітілген баға 50-75 теңгені құрайды. Нақты құны өңірге байланысты. Әрине сұйытылған газ өндіретін зауыт орналасқан жерде баға 50 теңгеден аспайды. Одан мың шақырым шалғай жерге де газ жеткізу керек. Сондықтан газ бағасы 75 теңгеге дейін барады", - деп түсіндірді Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде газ жеткілікті. Әкімдіктер газдың көлемі туралы тұрақты түрде хабарлап отырады.

"Біз әрбір әкімдікпен жұмыс істеп жатырмыз. Күнде хабарын алып отырамыз. Егер қандай да бір жағдай болса, сол күні шешуге тырысып отырамыз. Бірақ қазіргі жағдай тұрақты, газ 50-75 теңгеден сатылып жатыр", - деп атап өтті ведомство басшысы.
Осы орайда Ақшолақов митингілер кезінде халыққа автобуспен жүруге кеңес берген экономист Олжас Байділдиновтың министрлікте істемейтінін жеткізді.

"Ол бұрын бізде "Адалдық алаңы" деген жобалық кеңсені басқарған. Қазірге кезде жұмыстан шығып кетті. Адалдық алаңы кеңсесіне басқа адам бекітілді", - деді министр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2402 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4238
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2934
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3697
13 августа родились
Айгуль Нуриева
№19 в рейтинге Forbes Kazakhstan «50 богатейших бизнесменов Казахстана – 2019»
Forbes Video

Еркин Татишев: про победу в конкурсе, январские события, образование и проблемы бизнеса

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить