«IteachMe» қорының түлектері жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты

«IteachMe» жобасының қатысушылары мен Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Даниловпен белсенді жастар қозғалысын дамыту және Қазақстандағы оң өзгерістер мәселелері бойынша ZOOM-кездесу өтті.

Кездесуде «IteachMe» қорының директоры Захира Оңғарбайқызы Бегалиева және «EcobusinessLab» жобасының түлектері Максим Фролов, Маржан Құрманғалиева, Дархан Тастенов, Александр Соболев, Александр Скалкин, Қуаныш Өзбеков, Александр Петренко, Саламат Әбілов сөз сөйледі.

Кездесудің негізгі мақсаты - жастарға қатысты бағдарламалар мен жобалар туралы ақпараттандыру және азаматтық қоғам, әлеуметтік кәсіпкерлік және волонтерлік қызмет процестеріне белсенділерді тартуды арттыру туралы қатысушылардың идеяларын талқылау.

Кездесуге қатысушылар моноқалаларда жаңа буынның бизнес-инкубаторларын ашу, ауыл жастарын қолдау бағдарламаларын күшейту, АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу туралы өз жобаларын ұсынып, көрші елдердің жастары арасында волонтерлікті дамыту, сондай-ақ бастамаларды, реформаларды, заңдарды және т.б. орындау бойынша мониторинг және кері байланыс жасау үшін бастамашыл команда құру жөніндегі тәжірибені қарастырды.

Қорытындылай келе, қатысушылар мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, болашақта осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұру туралы ниет білдірді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3482 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3975
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2657
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3371
8 апреля родились
Геннадий Головкин
чемпион мира по боксу
Марат Тажин
Чрезвычайный и Полномочный посол Республики Казахстан в Чешской Республике
Наталья Коржова
президент казахстанской Финансовой академии, глава Евразийского сетевого финансового института
Forbes Video

Түркияның IT-нарығын бағындырған қазақ кәсіпкері

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить