Сенаторлар ЕҚЫҰ отырыстарына қатысты

ҚР Парламенті Сенатының делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Венада өткен қысқы сессиясына қатысты, деп хабарлайды жоғары палатының баспасөз қызметі.

Аралас сипатта өткен сессияның күн тәртібіне Тұрақты комитеттің, Парламенттік Ассамблеяның жалпы үш комитетінің отырыстары, сондай-ақ «Еуропадағы қауіпсіздік кепілдігі және қауіпсіздіктің ортақтығы: ЕҚЫҰ рөлі» тақырыбы бойынша пікірсайыс енген болатын.

ЕҚЫҰ Бас хатшысы, осы ұйым институттарының басқа да басшылары, сондай-ақ оның Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы парламентшілер алдында сөз сөйледі.

ЕҚЫҰ ПА арнаулы өкілі болып табылатын ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Тұрақты комитет отырысы аясында Орнықты даму саласындағы мақсаттар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Қысқы отырысқа сенаторлар Ақмарал Әлназарова, Ғұмар Дүйсембаев және Қайрат Қожамжаров та қатысты.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1316 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3881
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2545
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3289
Forbes Video

Еркин Татишев : «Около 30% бизнеса в Казахстане не переживет коронакризис»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить