Қазақстан азаматтары Украинадан Полша шекарасына қалай аман жеткенін айтты

Украинадағы жағдай ушыққан кезде Киев пен Одесса қалаларында болған Қазақстан азаматтары Польша шекарасына қалай жеткенін айтты.

«Менің атым – Руслан. Петропавл қаласының тұрғынымын. Қазір Польшадағы Катовице әуежайының маңайындамыз. Бұл жерге кеше кешке жеттік. 21 ақпанда жыл сайын Киевте өтетін конференцияға ұшып келгенбіз. Киевте соғыс жағдайы жарияланып, конференция жұмысын тоқтатты. Әуелде не істеу керегін білмедік. Ахуал тұрақтанғанша Киевте қала тұру керек деп ойлағанбыз. Кейін Львов арқылы кері қайтуға әрекеттендік. Өйткені Киевтегі Қазақстан Елшілігі Львов арқылы батыс шекарамен Польша жағына өтуге болатыны туралы мәлімет таратқан еді», - деп еске алады видеодағы азамат.

Польша Еуропалық Одақтың мүшесі болғандықтан, ел аумағына кіру үшін төлқұжатта Шенген визасы болуы міндетті еді.

Бұл мәселені Қазақстанның Польшадағы Елшілігі жылдам реттегенге ұқсайды.

«Польша Қазақстан азаматтарына «жасыл дәліз» ұсынды. Қазақстаннан Киевтегі конференцияға келген 15 адам топ-топпен Киев қаласынан шыға бастады. Біздің топтағы 5 адам орталық теміржол вокзалынан шықтық. Билет жоқ екен, жолсеріктермен келісуге тура келді. Келесі күннің таңында Львов қаласына жеттік. Қазақстанның Украина мен Польшадағы елшілік қызметкерлеріне уақытында жедел ақпарат беріп, жөн сілтеп отырғаны үшін алғыс айтқымыз келеді. Львовта бізді күтіп алып, шекарадан Польша аумағына алып өту жұмысын ұйымдастырды. Польшада бізге «жасыл дәліз» берілді. Өйткені біздің төлқұжатымызда Шенген визасы жоқ еді. Осы жұмыстың бәрі жылдам, жедел, нақты істелді. Бізді Польшада ҚР Консулы күтіп алып, көлігімен жол бастап отырып, әуежайдың жанындағы қонақүйге әкелді», - дейді Руслан.

 

Польшаның Катовице қаласына бүгін ұшып шыққан ұшақты күтіп отырғандардың бірі – Смайыл Абибулла.

«Соңғы жарты жылда Украинаның Одесса қаласында жұмыс бабымен тұрып жатқанмын. Осы Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты елден шығуға мәжбүр болдық. Оқиғалар басталған кезде отбасымызбен алаңдап, Украинадан шығудың жолдарын іздедік. Елшіліктегі шұғыл желілер арқылы Львов қаласына келу керектігін білдік. Сол жерде жинап, Польша арқылы Қазақстанға қайтармақшы екен. Амалын тауып, Львов қаласына аман жеттік. Ол қаладан бізге автобус ұйымдастырылды. Сол автобуспен Польша шекарасына жеттік. Польша шекарасынан өту де оңай болған жоқ. Шекараға 10 шақырымдай қалғанда кептеліс басталды. Бірақ елшіліктің арқасында полиция қызметкерлері көмек беріп, қарсы жолақпен шекараға кедергісіз жетіп алдық. Шекарада ғана сәл аялдадық. Шекарадан өткен соң бізді Польшадағы елшіліктің қызметкерлері, сол жердегі Құрметті консулдың өзі қарсы алды. Польшаға кіруімізді де, виза мәселесін де шешіп берді. Ешқандай қиындық туындаған жоқ», - дейді ол.

Қазақстан азаматы Украина мен Польшадағы елшілік қызметкерлеріне алғыс айтып отыр.

«Әрі қарай бізді Катовице қаласындағы отельге орналастырды. Жағдайымызды жасап жатыр. Польшадағы Елшілік болсын, Украинадағы Елшілік болсын, қолдан келгенін істеп жатыр. Қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Қиын кезеңде Қазақстан азаматтарына түн ұйқысын төрт бөліп қызмет етіп жатқан сияқты. Қазір елден келетін ұшақты күтіп отырмыз. Ұшақпен бірге Украинадан Қазақстан азаматтарын әкелетін тағы 2-3 автобусты күтіп отырмыз. Солар келген бойда, бұйыртса, бәріміз елге ұшамыз», - дейді Смайыл Абибулла.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1556 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3880
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2544
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3289
Forbes Video

Раимбек Баталов – о молоке, кредитах и прозрачности

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить