Әйелдерге ғана берілетін ипотеканың шарттары өзгерді

"Ұмай" ипотекалық бағдарламасы бойынша ортақ отбасылық табыс шегі 320 000 теңгеден 640 000 теңгеге дейін көтерілді, деп хабарлады Отбасы банк.

Қарыз алушының ай сайынғы отбасылық табысы 550 000 теңгеден аспаса, 15% бастапқы жарнамен кредит ала алады.

Ал отбасының ортақ кірісі айына 550 001 теңгеден 630 000 теңгеге дейінгі аралықта болса, тұрғын үй 20 проценттік алғашқы жарнамен беріледі.

Бағдарлама бойынша 30 миллион теңгеге дейін займ алуға болады. Проценттік мөлшерлеме 13,5% (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 14,5%-тен бастап) кейін 5%-ке дейін (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі - 5,2%-тен бастап) төмендетіледі.

"Ұмай" бағдарламасы бойынша қарыз алу мерзімі - 6 айдан 25 жылға дейін. Тұрғын үй таңдауына шектеу жоқ. Оны алғашқы және екінші нарықтан, соның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша сатып алуға болады.
Сондай-ақ осы бағдарлама баспананы жөндеу жұмыстарына да 3,7 миллион теңгеге дейінгі қарыз алу мүмкіндігі қарастырылған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1875 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3881
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2545
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3289
Forbes Video

Бексултан Казыбек: Aminokka в Disney, BIP House в США, сумасшедшая фанатка и встреча с министром

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить