Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова наурызда коронавируспен байланысты жағдайға болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik.
Оптимистік сценарий: профилактика шараларын сақтаған кезде елде наурызда тәулігіне 250-ге жуық адам жұқтырады.
Реалистік сценарий - наурыз айында күніне 310 адам ковидке шалдығады.
Пессимистік сценарий - күніне 360 жағдайға дейін.
"Омикрон" штамының бесінші толқынының максималды таралу шегі төмендеді. Бұған алдын алу, емдеу, шектеу шараларын үнемі жетілдірудің арқасында қол жеткізілді, деді вице-министр.
Вам может быть интересно: «Премьер Японии: страны G7 готовы к жестким санкциям против России»
