Коллекторлық агенттіктердің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін арттыру туралы

Коллекторлық агенттіктердің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін 2021 жылы Коллекторлық қызмет туралы заңда коллекторлық агенттіктердің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері туралы норма белгіленген, Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы деп хабарлайды.
 
Осы талапты орындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап коллекторлық агенттіктердің жарғылық капиталының 10 млн теңге сомасындағы ең төмен мөлшерін енгізді.
 
Нарықты шоғырландыру және коллекторлық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылғы 22 ақпанда жұмыс істеп тұрған коллекторлық агенттіктер үшін жарғылық капиталдың мөлшерін кезең-кезеңмен арттыруды көздейтін Агенттік Басқармасының №8 қаулысы қабылданды: 2022 жылғы 1 шілдеден бастап – 30 млн теңге, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50 млн теңге. Бұл ретте жаңадан ашылған коллекторлық агенттіктер үшін жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері 50 млн теңгені құрайды.
 
Қазіргі уақытта жарғылық капиталға қойылатын ең төмен талаптарды орындамаған коллекторлық агенттіктерге қатысты Агенттік олардың қызметін тоқтату бойынша жұмыс жүргізуде.
: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1636 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4041
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2741
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3447
17 мая родились
Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан
Игорь Рогов
председатель комиссии по правам человека при президенте РК
Forbes Video

Рамиль Мухоряпов: как пережить отмену

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить