«АМАNАТ» партиясының логотипі таныстырылды

"АМАNАТ" партиясының (бұрынғы "Nur Otan" партиясы) атқарушы хатшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңарған партияның логотипін жариялады.

Бұрын "Nur Otan" партиясы өз логотипі үшін көк түсті пайдаланса, "АМАNАТ" жасыл түсті таңдады. Логотипте Қазақстанның картасы да бейнеленген.
Асхат Оралов партияның атауын түсіндірді.

"Біріншіден, "AMANAT" – мемлекет мүддесі үшін тарихи жауапкершілікті алған партия.

Тәуелсіз мемлекетіміз, еліміз бен жеріміз – ата-бабамыздың бізге қалдырған аманаты. Осы аманатты халық игілігі үшін сақтап қалу, келер ұрпақтарға жеткізу – ел тұтқасын ұстаған бас партия үшін ең үлкен жауапкершілік.

Екіншіден, "AMANAT" – халық мұрасын сақтаушы партия.

Тамыры терең тарихымыз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз, тіліміз бен салт-дәстүріміз – Тәуелсіз Қазақстанның барша азаматтарының мұрасы.

Осы мұраны біртұтас елдің ортақ мүддесі үшін аманат ретінде көздің қарашығындай сақтап, дамуына жағдай жасау – партияның ірі міндеттерінің бірі.

Үшіншіден, "AMANAT" – мемлекеттік мүддеге адал, қоғам игілігіне жұмыс істейтін партия.

Халық ұғымында "аманатқа қиянат жасалмайды", яғни аманатты сақтаушы партия мүшелері – ең әуелі мемлекет мүддесіне адал азаматтар", - деп жазды ол.

Бұған дейін мәжіліс спикері Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс съезінде "Nur Otan-ның" атауын "AMANAT" деп өзгертуді ұсынған болатын. Съезге қатысушылардың барлығы, оның ішінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаманы қолдады.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1883 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3878
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2542
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3288
Forbes Video

Зачем нужны микрофинансовые организации и что стоит знать перед получением займов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить