«Нұр-Сұлтан – Алматы» тас жолы жаңартылмақ

«Нұр-Сұлтан – Алматы» көлік дәлізін жаңғырту жұмыстары 2023 жылы аяқталады, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, деп хабарлайды ҚР ИИДМ.

Жалпы ұзындығы 946 шақырым қашықтықты құрайтын көлік дәлізі «Қарағанды – Балқаш», «Балқаш – Бурылбайтал», «Бурылбайтал – Күрті» және «Күрті – Қапшағай» учаскелеріне бөлінген.

Бүгінгі таңда жолдың 500 шақырымында жұмыстар аяқталып, көлік қозғалысы ашылған. Жоспар бойынша биыл жолдың 434 шақырымында төменгі қабат жабыны төселіп, пайдалануға берілмек. Ал 2023 жылы жаңғырту жұмыстары толық аяқталуы тиіс.

Жол бойындағы реконструкциялық жұмыстарға 1 мыңнан астам техника және 1600-ге жуық маман тартылмақ. Қазіргі таңда мердігерлік ұйымдар құрылыс материалдарын дайындауға кіріскен.

Жол құрылысы мамандарының айтуынша, жолды жаңартып-жаңғырту жұмыстары аяқталған соң бұл жолмен көліктер сағатына 120 шақырыммен жүре алады. Тиісінше, Нұр-Сұлтан қаласынан Балқаш көліне дейін 6–7 сағатта жету мүмкіндігі бар. Алматыдан жету үшін де шамамен осындай уақыт кетеді, дейді мамандар.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2214 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3878
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2542
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3288
Forbes Video

Ляззат Ибрагимова: Каждой семье - по квартире!

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить