«Омикрон» штамының жаңа түрі әлем бойынша қарқынды тарап жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша «Стелс-Омикрон» нұсқасы қазір барлық анықталған инфекциялардың 86%-ын құрайды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы.

«Біз жаңа штамм туралы барлық белгілі ақпаратты жинақтадық. «Жасырын омикрон» туралы не білу қажет:

Өте жылдам жұғады

COVID-19 вирусының ВА.2 түрі бұған дейінгі BA.1 мен BA.1.1 нұсқаларына қарағанда жұқпалы болып келеді, алайда қазіргі кездегі нәтижелер жаңа нұсқаның күрделілігі «Омикронмен» бірдей екенін көрсетті.

Вакцинаның үдеткіш дозалары жаңа штамнан қорғайды

«Омикронның» басқа нұсқаларына сияқты вакциналардың BA.2-ге қарсы тиімділігі төмен. Алайда Ұлыбританияның Денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігінің мәліметінше, ағзаның қорғаныс деңгейі үдеткіш вакцина арқылы қалпына келеді. Бұл әсіресе ауруханаға жатқызу және өлім жағдайларының көрсеткіштерінде айқын байқалады. Вакцина алғандардың арасында өлім-жітім мен ауруханаға жатқандар аз.

Алдын алу шараларының қажеттілігі

Ғалымдардың айтуынша, жақында BA.2 ауруының өсуі ықтимал. Өйткені аурудың күрт тарауы көптеген елдердің маска режимін және басқа да антиковидтік шараларды алып тастауымен қатар келіп отыр.

Халықтың осал топтарын қорғау

BA.2 аурушаңдық көрсеткіші өсуінің себебі қандай болса да зерттеушілер вирустың, әсіресе вакцинацияланбаған және халықтың басқа да осал топтарына зиян тигізетініне сенімді. Сондықтан тиімділігі дәлелденген препараттармен екпе алу коронавирустың жаңа толқыны қарсаңында өте маңызды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2283 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3878
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2542
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3288
Forbes Video

Берик Каниев: Мы не можем всю жизнь быть сырьевой страной

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить