Қазақстан мен Швеция СІМ басшылары халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимыл бағыттарын белгіледі

 Швед тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Швеция Сыртқы істер министрі Анн Линде телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР СІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Дипломаттар өзекті халықаралық проблемалар мен Украинадағы ахуал жөнінде пікір алмасты. М.Тілеуберді Еуропалық одақтың РФ-қа қарсы санкцияларының Қазақстан экономикасына теріс әсерін болдырмау жөніндегі ҚР Үкіметінің күш-жігерін атап өтті.

Сонымен қатар тараптар Ұйымның бүгінгі алдында тұрған сын-тегеуріндерді, сондай-ақ Хельсинки Қорытынды актісінің, Астана декларациясының және ұйымның басқа да негізгі құжаттарының қағидаттарына сәйкес ЕҚЫҰ-ды ықтимал реформалау және «қайта жүктеу» жолдарын талқылады.

М.Тілеуберді ҚР Президентінің саяси жүйені демократияландыруға және «Жаңа Қазақстанды» құруға бағытталған реформаларымен таныстырды.

Сұхбат соңында министрлер екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады және Стокгольм бастамасын бірлесіп ілгерілетуді қоса алғанда, халықаралық алаңдардағы одан әрі өзара іс-қимылдың басым бағыттарын белгіледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1598 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3878
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2542
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3288
Forbes Video

Кто зарабатывает на инфлюенсерах в Казахстане?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить