Азаматтық қоғамның 7 өкілі АҚДМ Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды

Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша рәсімдер басталды. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының кандидаттарын іріктеу бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды  аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі.

Шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров ашты. Жиынға азаматтық қоғам өкілдерінен арнайы жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттар мен министрлік өкілдері қатысты.

А.Омаровтың ұсынысы бойынша дауыс беру арқылы жұмыс тобының мүшесі болуға ұсыныс білдірген азаматтық қоғамның барлық 7 өкілі кірді: Ш.А.Пулатов, М.М.Еспенова, А.Б.Бесен, М.Ермағанбетұлы, М.С.Махметова, Е.Н.Митрофанова, И.И.Сафаргалиев.

Осылайша, жұмыс тобының құрамындағы Министрлік өкілдерінің саны 3-тен 2-ге (Ж.Ахметов, Қ.Жұмашев) дейін азайды.

Отырыс барысында жұмыс тобы ашық дауыс беру арқылы сайланатын Қоғамдық кеңестің басшысын сайлады және оның сандық құрамын анықтады. Жұмыс тобының жетекшісі болып қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Пулатов Шерзод Аббозович көпшіліктің дауыс беруі арқылы сайланып; 30 мүшеден тұратын максималды сандық құрам анықталды.

Аталмыш бағыт бойынша, бұдан арғы жұмысты жұмыс тобы айқындайтын болады және қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының келесі отырысын 2022 жылғы сәуір айының ортасында өткізу жоспарлануда.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1677 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2739
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3445
16 мая родились
Владимир Божко
государственный деятель, экс-министр по ЧС
Forbes Video

Как Дамир Аманжолов боролся с мародерами и помогал раненым во время беспорядков в Алматы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить