Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындаудан бас тартқаны үшін «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-не 4,9 млн теңге айыппұл салынды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобына кіретін «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің қызметіне талдау жүргізу нәтижелері бойынша Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы Департамент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ компаниялар тобының шеңберінде пайда алмастан орталықтандырылған сатып алу арқылы кешенді материалдық-техникалық қамтамасыз ету» жарғысының осы қызмет түрінен жүзеге асыра отырып серіктестік іс жүзінде пайда алғаны анықталды.

Осы орайда, Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы орган «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-сіне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ компаниялар тобы шеңберінде пайда алмастан орталықтандырылған сатып алу арқылы кешенді материалдық-техникалық қамтамасыз ету» қызмет түрін алып тастау туралы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын жоюға нұсқама жолдады.

Алайда, «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-сі нұсқаманы орындаудан бас тартып, монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 162-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып 4 900 800 теңге көлемде әкімшілік айыппұл салынды.

Қазіргі таңда әкімшілік айыпппұл толық көлемде өндірілді.

Сонымен қатар, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 29 наураздағы шешімімен Департаменттің «нұсқаманы орындауға мәжбүрлеу» туралы талап арызы қанағаттандырылды.
Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1833 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3964
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2649
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3360
Forbes Video

Кунсулу Закарья: Биолаборатории, новый всплеск ковида и учёные без денег

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить