Ақтауда Каспий эндемигі құтқарылды

Қызыл кітапқа енген Каспий итбалығы Солтүстік Каспийдегі жалғыз мамандандырылған Каспий итбалығын зерттеу және қалпына келтіру орталығында (Орталық) ветеринариялық емдеу курсынан өтуде.

Кешенді қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде итбалықты табиғи ортасына қайтару туралы шешім қабылданды.

30 наурыз күні кешкі уақытта екі жасар аналық итбалық табылды: жергілікті тұрғындардың хабарынын кейін Орталық қызметкерлері итбалық табылған жерге барып, жануарға алғаш көмек көрсетті.

Каспий эндемигі егжей-тегжейлі тексеріліп, емделу үшін шұғыл түрде Орталыққа жеткізілді.

«Алғашқы тексеру кезінде итбалықтың ауыр жарақаттары, сынықтары және басқа да елеулі жарақаттары жоқ екені анықталды. Алайда жануар қатты әлсіреген, көздің қабыну ауруына шалдыққан. Біздің Орталықтың қызметкерлері Каспий эндемиктеріне кешенді зерттеу жүргізіп, сауықтыру бағдарламасын анықтады, сонымен қатар зертханалық зерттеулер жүргізу үшін биологиялық сынамалар (жүн, қан, мұрынның, көздің шырышты қабығының материалдары және т.б.) алынды», - деді эколог, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының Ғылыми кеңесінің төрайымы Әсел Тасмағамбетова.

Естеріңізге салатын болсақ, 2019 жылы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы құрылғаннан бері 36 каспий эндемиктері жарақаттануға тексеріліп, құтқарылды.

2021 жылдың қыркүйегінде Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты Орталықпен бірлесіп, Каспий итбалығының популяциясы мен оның мекендеу ортасын зерттеу бойынша бесінші ғылыми экспедиция жүргізді. Экспедиция барысында ғалымдар Каспий итбалығының ашық теңізде бір жыл бұрын бұл жерде белгіленген 200-дің орнына 30-ға жуық түрін тіркеді.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3310 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3872
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2539
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3285
28 января родились
председатель правления Magnum Cash&Carry
председатель сената парламента РК
государственный деятель
Forbes Video

Ударят ли санкции по Казахстану?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить