Әскери корабльдердің экипаждары курстық тапсырманы орындауда

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдері Каспий теңізінің қазақстандық секторында К-2 курстық тапсырмаларын орындауға кірісті.

Теңізшілер оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау шеңберінде корабльді ұрысқа және жорыққа жасырын дайындау нормативтерін пысықтап, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды ұйымдастырады. Дауылды жағдайларда және көру мүмкіндігі шектеулі кезде жүзуге дайындық жүргізеді.

Бұдан өзге, теңізде корабльдің қорғанысы мен қорғалуын ұйымдастыру тексеріледі. Сонымен қатар экипаждың өміршеңдігі үшін күрес қимылдары да пысықталады.

– Теңізшілер жердегі және судағы объектілерге қарсы оқу-жауынгерлік іс-қимылын жүргізу, қарсыластың күштері мен құралдарына белсенді радиоэлектрондық қарсы іс-қимыл жағдайында суасты қайығымен әскери ұрыс тапсырмаларын орындайды. Экипаждар құтқару құрылғылары мен құралдарын пайдалана отырып, жеке кемені құтқару жаттығуын өткізеді, – деді әртекті кемелер дивизионының командирі 2-дәрежелі капитан Рустам Жүнісов.

Қарулы күштердегі жауынгерлік даярлық іс-шаралары ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан армиясының жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1879 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4041
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2741
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3446
17 мая родились
Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан
Игорь Рогов
председатель комиссии по правам человека при президенте РК
Forbes Video

Бексултан Казыбек: Aminokka в Disney, BIP House в США, сумасшедшая фанатка и встреча с министром

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить