Павлодарда тағы бір рұқсат етілмеген қоқыс алаңы жойылды

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Суворов зираты мен Малайсары батыр көшесіндегі 53, 55 үйлер арасындағы аумақты тазарту барысымен танысты.

Сенбілікке 1,5 мыңнан астам адам қатысты. Олардың ішінде қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ, қаланың белсенді тұрғындары болды. Жиналған қоқысты шығару үшін алпыс арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде бір мың екі тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Малайсары батыр көшесіндегі 53 және 55 үйлердің артындағы аумақтың көлемі шамамен 62 гектар әрі күрделі рельефті.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың пікірінше, болашақта бұл жерде жергілікті тұрғындардың демалыс орны ретіндегі саябақ құрылуы мүмкін. Өңір басшысы мәселені жұртшылықпен талқылауды ұсынды.

- Болашақта бұл жерде саябақ салуға болады, бірақ, алдымен бұл аумақты қоқыстан тазартуымыз керек, – деді Әбілқайыр Сқақов. – Шығыс шағын ауданында демалыс орындары жоқ. Егер біз бұл жерде тазалық мәдениетін сіңіре алсақ, осы бағытта жұмыс істеуге болады.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары аймақ басшысына жеке гараждарға іргелес аумақты тазарту мәселесін айтты. Бұл жер де рұқсат етілмеген полигонға айналған. Әбілқайыр Сқақов бұл мәселеде көмектесуге уәде берді. Ол қаладағы тәртіп пен тазалықты сақтау әрбір тұрғынның міндеті екенін атап өтті.

Суворов зиратының айналасындағы жағдай да осыған ұқсас. Мұнда да түрлі қоқыс жиналған. Әбілқайыр Сқақов бұл аумақты екі апта ішінде тазалауды талап етті. Сондай-ақ, аймақ басшысы қала әкіміне жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүк көліктерінің қозғалысы мен стихиялық қоқыс алаңдарын бақылауға алуды тапсырды.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Жаңаауыл шағын ауданына барды. Қала әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, бұрын бұл шағын ауданда қатты жабынды жолдар болмаған. Әбілқайыр Сқақов барлық жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде орындауды тапсырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2128 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3871
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2539
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3285
28 января родились
председатель правления Magnum Cash&Carry
председатель сената парламента РК
государственный деятель
Forbes Video

Ермек Турсунов: Мне не нравится жить в этой стране

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить