Елордада шыбын-шіркейге қарсы дезинсекция жұмыстары жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында шыбын-шіркейге, масаға қарсы дезинсекция жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мамандар қаланың саябақтарын, бос аумақтарды арнайы ерітіндімен өңдеді. Өңдеу жұмыстары шыбын-шіркейлерді, масалардың санын азайтумен ғана шектеледі. Оның барысында ұсақ жәндіктер жойылып кетпейді.

«Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекция жұмыстарын жүргізіп жатыр. 26 сәуірден бастап біз қаланың сыртындағы су қоймаларын өңдеуді бастағанбыз. Қазіргі уақытта қаланың ішкі аумақтарын өңдеуге кірістік. Бұл жұмысқа 150-ден аса маман, 4 дезмашина жұмылдырылды. Сол сияқты термогенераторлармен жұмыс істейтін 4 бригада болады. Қаламызды 150 учаскеге бөлдік. Осы 150 учаскеде 10 бригада жұмыс істейтін болады. Әрқайсысында 9-10 адам бар.

Биыл E-Knot қосымшасымен қала тұрғындарын ескертіп отыратын боламыз. Сол себепті осы қосымшаны қала тұрғындары телефондары көшіріп алғаны жөн. Осы арқылы қаланың қай тұсы қай уақытта өңделетіні ескертіледі», - деді аталмыш басқарма басшысының орынбасары Жанар Бескемпірова.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2084 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3871
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2539
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3285
28 января родились
председатель правления Magnum Cash&Carry
председатель сената парламента РК
государственный деятель
Forbes Video

MMA в Казахстане: как заработать на боях?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить