Атырауда VIP нөмір иелері бюджетке 31,5 млн теңге шығын келтірген

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті автокөліктердің VIP нөмір иелері бюджетке 31,5 млн теңге шығын келтіргенін мәлім етті.

Департамент қызметкерлері көлік жүргізушілері арасында жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беруге мониторинг жүргізген. Мониторинг кезінде мемлекеттік баж қаржысының толық көлемде төленбегені анықталып отыр.

«Департамент қызметкерлері жүргізген мониторинг нәтижесінде көлігіне VIP нөмір алушылардың арасында мемлекеттік бажды төлеуден жалтару деректері анықталды. Мәселен, 2019-2021 жылдары берілген нөмірлерді тексеру қорытындысымен 59 адамнан мемлекеттік баж үшін төленетін 14 млн теңгеден астам қаржы бюджетке түспегені белгілі болды. Ал, 78 адам мемлекеттік баж қаржысын толық төлемеген. Соның салдары - бюджетке 2,7 млн теңгеге жуық қаржы түспей қалған. Сондай-ақ, 52 қызмет алушы 14,4 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік баж төлеуден негізсіз босатылған», - деп хабарлады өңірлік департаменттің баспасөз қызметі.

Аталған мониторинг нәтижесінде 2019-2021 жылдары мемлекетке 31,5 млн теңгеден астам қаржының залалы келтірілгені анықталды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда VIP нөмір алушылар жалған түбіртек қолданып, 5 млн теңгені төлемегенін хабарлаған едік.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1793 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2738
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3441
15 мая родились
Гульшара Абдыкаликова
экс-аким Кызылординской области
мажоритарный владелец Alageum Group
Нуртай Абыкаев
президент Казахстанской академии естественных наук
Forbes Video

Основатель КДЛ "Олимп" Ерлан Сулейменов: о связях с Минздравом, неудачных праймериз и вакцинировании

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить