Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілі және Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының басшысы Дебора Лайонсты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Ауғанстандағы дағдарысты тұрақтандыру, гуманитарлық көмек көрсету және әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігер аясында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету, ауған студенттері үшін білім беру бағдарламаларын жалғастыру салалары бойынша халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастықты жалғастыруға бейілді екенін растады.

Дебора Лайонс Мемлекет басшысына Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның Ауғанстан жөніндегі арнаулы өкілдерінің кеше Алматыда өткен екінші кездесуінің қорытындысы, сондай-ақ UNAMA кеңсесінің Ауғанстанды қалпына келтіру үшін қабылдаған шаралары жөнінде мәлімет берді.

БҰҰ жоғары лауазымды өкілі осы Ұйымның Ауғанстандағы миссиясының қызметіне қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес UNAMA-ның уақытша қашықтағы кеңсесі Алматыда орналасатын болды. Жуық арада Қазақстандағы аталған миссияның мәртебесі туралы келісімге қол қойылады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1726 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3871
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2539
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3285
28 января родились
председатель правления Magnum Cash&Carry
председатель сената парламента РК
государственный деятель
Forbes Video

Рамиль Мухоряпов: как пережить отмену

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить