Президент Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминалдың құрылысын бастауға рұқсат берді

 Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары оңтүстік астана әуежайының жаңа халықаралық терминалы құрылысының капсуласын салу рәсіміне қатысумен аяқталды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Іс-шара барысында Түркияның TAV Airports Holding компаниясының бас директоры Серкан Каптан, холдингтің директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Сани Шенер және Алматы халықаралық әуежайының президенті Ерсой Альп Ер Тунга Қасым-Жомарт Тоқаевқа инвестициялық жоба туралы мәлімет берді.

Бұдан кейін Президент әуежайдың жаңа халықаралық терминалының құрылысын бастауға рұқсат берді.

Мемлекет басшысы Алматы әуежайы маңызды стратегиялық нысан және Қазақстанның әуе қақпасы екенін атап өтті.

– Жаңа терминал салынғаннан кейін әуежайда жылына 14 миллион жолаушыға дейін қызмет көрсетілетін болады, яғни екі есеге артады деген сөз. Жаңа терминал ең озық технологиямен жабдықталып, халықаралық стандарттарға сай болуы керек. Ең бастысы барлық жұмысты уақытында аяқтау қажет, – деді Президент.

Құрылысқа салынған инвестицияның жалпы көлемі 200 миллион доллардан асады. Жаңа терминал тек халықаралық бағыттағы рейстерге, ал қазіргісі ішкі рейстерге қызмет көрсетеді. Құрылыс 2024 жылы жазда аяқталады деп жоспарланған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2776 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3871
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2539
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3285
28 января родились
председатель правления Magnum Cash&Carry
председатель сената парламента РК
государственный деятель
Forbes Video

Алишер Еликбаев — о репутации, олигархах, доходах в кризис, провалах в бизнесе

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить