Республикамыздың намысын әлемдік аренада Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Атырау және Ақтөбе қалаларының 10-11 сыныптарының 8 оқушысы қорғады. Олардың барлығы Республикалық физика олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, деп хабарлайды ortcom.kz.
Биыл зияткерлік сайыстар 2022 жылғы 24 мамыр мен 31 мамыр аралығында қашықтан форматында өтті. Оған Қытай, Малайзия, Румыния, Ресей, Сингапур, Сауд Арабиясы, Түркия, Таиланд, Оңтүстік Корея, Қырғызстан және т.б. сияқты әлемнің 27 елінің өкілдері қатысты.
«Білім және ғылым министрлігі оқушыларымызға басқа елдерден келген жасөспірімдермен жарысқа түсу мүмкіндігін арттыру үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Жақында ғана оқушыларымыз химия пәнінен 56-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды. Сондай-ақ оқушыларымыз алғаш рет Франциядағы Дүниежүзілік гимназиадаға қатысып, үздік үштікке енді. Физика пәнінен Азия олимпиадасы ең қиын олимпиадалардың бірі болып есептелетінін айта кеткен жөн. Ал біз әлемдік пәндік олимпиадаларда дәстүрлі түрде көшбасшы саналатын елдерді де басып оздық. Оқушыларымыз бес медальмен қоса екі құрмет грамотасына ие болды», - деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының орынбасары Нұрлан Жұмагелді.
Физика пәнінен Азия олимпиадасындағы жеңіс оқушыларға ұлттық құрамаға енуге және Қазақстанның намысын халықаралық физика олимпиадасында (IPhO) қорғауға мүмкіндік береді.
Вам может быть интересно: «Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды»