Қуаты 1 ГВт ЖЭК ірі ауқымды жобасын іске асыруға бағытталған қағидаттар туралы келісім жасалды

2022 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «TotalEnergies» КТ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде қуаты 1 ГВт ЖЭК ірі ауқымды жобасын іске асыруға бағытталған Қағидаттар туралы келісім жасасты.

Қол қою рәсіміне қатысқандар: ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Азияда бизнесті дамыту бойынша «Total Еren S.A.» вице-президенті Антуан Гарэ, Қазақстандағы «TotalEnergies» Бас директоры Ахлем Фрига-Ной.

Қол қойылған құжат энергияны жинақтау жүйесін пайдалана отырып, жалпы қуаты 1ГВт жел электр станцияларын дамытуға, қаржыландыруға, салуға және пайдалануға бағытталған.

Объекті Жамбыл облысындағы Мирный ауылына жақын орналасатын болады. Жобаның құрылысын кезең-кезеңмен жүргізу жоспарланып отыр және жоба 2024 жылдан бастап 2026 жылды қоса алған кезеңде толық аяқталады деп күтілуде.

Аталған жобаны іске асыру Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, қосымша инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ «жасыл» электр энергиясын генерациялауды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2585 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3566
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2150
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3008
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

КОСНЁТСЯ ВСЕХ! КАК СДАТЬ ДЕКЛАРАЦИЮ В КАЗАХСТАНЕ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить