Президент дипкорпус өкілдерін еліміздің дипломатиялық қызметінің 30 жылдығымен құттықтады

Еліміздің дипломатиялық қызметінің отыз жылдық мерейтойы халқымыз Жаңа Қазақстан құруға кіріскен сындарлы сәтпен тұспа-тұс келді. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесіндегі Қазақстан Республикасы» атты халықаралық конференция қатысушыларына жолдаған құттықтау хатында айтылған, ortcom.kz деп хабарлайды.

«Құрметті Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагерлері мен қызметкерлері! Сіздерді еліміздің дипломатиялық қызметінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Біз осынау тарихи межеге үлкен жетістіктермен жеттік», - делінген ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді оқып берген Мемлекет басшысының хатында.

ҚР Президентінің атап өтуінше, еліміз 186 елмен қарым-қатынас орнатып, 50 халықаралық ұйымның мүшесі болды.

«Біз өңірлік және жаһандық процестерге белсенді қатысатын орнықты әрі беделді мемлекетке айналдық. Сіздер тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен еліміздің мүддесін халықаралық аренада қорғап келесіздер. Қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында сіздер жаһандық әлемде Қазақстанның ұстанымын нығайтуға және шет мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытуға үлкен үлес қосасыздар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы еліміздің дипломатиялық қызметінің отыз жылдық мерейтойы халқымыз Жаңа Қазақстан құруға кіріскен сындарлы сәтпен тұспа-тұс келгенін баса атап өтеді.

«Осыған орай Сыртқы істер министрлігіне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Дипломаттардың басты міндеті - мемлекетіміздің әлемдегі мәртебесін одан ары арттыру, сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шетелдегі азаматтарымыздың құқықтары мен мүүдделерін қорғау», - деді ҚР Президенті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2746 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3869
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2537
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3283
28 января родились
председатель правления Magnum Cash&Carry
председатель сената парламента РК
государственный деятель
Forbes Video

Как заработать на козах

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить