Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жол салу көзделген

Қалада көлік инфрақұрылымын дамытуда бірқатар ірі жобалардың құрылысы жүргізілуде. Үстіміздегі жылы 190 нысан немесе 352 шақырым жолдарда құрылыс-жөндеу жұмыстары қолға алынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент әкімі Мұрат Айтенов хабарлады.

Сонымен бірге қазір қалада 2 жолайрық салынып жатыр. Биыл Рысқұлов-Қонаев жолайрығы толық пайдалануға беріледі. Арғынбеков-Бәйдібек би жолайрығы-ның құрылысы басталды, келер жылы аяқталады.

«Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жол, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 2022 жылы 64,7%-дан 2025 жылы 79%-ға жетеді. Әуе көлігі жолаушыларына қолайлы жағдай жасау үшін жеке инвестор есебінен әуежайға жаңа терминал салынып жатыр. Құрылыс аяқталған соң, жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 200 адамнан 2000 адамға дейін өседі», - деді қала әкімі.

Шымкент әкімі өткен жылдың қорытындысы бойынша қаланың Жалпы өңірлік өнімі 2,6 трлн теңгеден асқанын, экономикалық өсім 5,4%-ды құрағанын атап өтті.


«Биылғы жылы да экономикалық өсім қарқынды, алғашқы бес айда өнеркәсіп өнім көлемінің индексі 7,9%-ға, инвестиция көлемі 29,2%-ға, құрылыс жұмыстары 3,4%, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 44,5%, бөлшек сауда көлемі 18,5% артты», - деді әкім сөзін түйіндей келе.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3000 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3870
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2537
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3284
28 января родились
председатель правления Magnum Cash&Carry
председатель сената парламента РК
государственный деятель
Forbes Video

Израильский архитектор Роман Шнайдерман стал казахстанским фермером

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить