Қаражанбаста ілеспе қабат суын тұшыту зауыты сынақ режимінде іске қосылды

Қаражанбас кен орнында ілеспе қабат суын тұшыту зауыты (әрі қарай - ҚСТЗ) сынақ режимінде іске қосылды. Стратегиялық маңызды өндіріс штаттық режимге сәтті өтіп технологиялық стандарттарға сай жұмыс істеп тұр. «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) Бас директоры Ли Тецян мен Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев Маңғыстау облысы әкімдігі өкілдерімен бірлесіп барлық технологиялық процесті бақылады.

Көлемі 1000 м3 ілеспе қабат суы көп сатылы сүзуден және деминерализациядан кері осмос арқылы өтті. Сонымен қатар, сынамаларды химиялық зерттеу нәтижелері сапа стандарттарына сәйкестігін көрсетті. ҚБМ Басқармасы кәсіпорынның сумен қамтамасыз ету мәселесін шешудегі маңыздылығын атап өтіп, жобаның жүзеге асуына атсалысқандарды жұмыстың белгіленген мерзімде сәтті басталуымен құттықтады.

«Мұнаймен бірге өндірілетін ілеспе қабат суын тұшыту және пайдалану - біздің компанияға жаңа технологиялық деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Ол көп еңбекті қажет ететін жауапты процесс. Толық қуатқа жеткенге дейін берілетін су көлемін кезең-кезеңімен арттырамыз. Айта кету керек, бұл өндірісті жүзеге асыру үшін мамандар білімі мен тәжірибесін пайдаланып, зор еңбек сіңірді», - деп атап өтті ҚБМ басшылығы.

Өндірісті іске қосу көптеген бағыт бойынша мультипликативтік әсер етеді. Сумен қамту мәселесінен бөлек, зауыт ҚБМ-ның өндіріс көлемін арттыру, ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу санын қысқарту, сондай-ақ грифон түзілу көлемін азайту сияқты бірқатар технологиялық мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Анықтама үшін:

Жобаның бас инвесторы CITIC Envirotech ltd. Мердігер: «СИТИК Водная экология» БК ЖШС (Ақтау).

Өздеріңізге белгілі, ҚБМ Еділ суын Астрахань – Маңғышлақ су құбыры арқылы тұтынады. Зауытты іске қосу кен орнының сумен қамтамасыз ету мәселелерінде өз-өзіне жеткілікті болуына және өңір халқының қажеттігі үшін су көлемін босатуға айтарлықтай мүмкіндік береді. Толық қуатқа шыққан кезде ілеспе қабат суын өңдеу тәулігіне 42,5 мың м3 құрайды, бұл ретте тазартылған суды өндіру тәулігіне 17 мың м3 жетеді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2117 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3870
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2537
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3284
28 января родились
председатель правления Magnum Cash&Carry
председатель сената парламента РК
государственный деятель
Forbes Video

Галим Хусаинов: санкции, Kaspi, исход российских банков, прощение кредитов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить