Қазақстаннан бидай мен бидай ұнын сыртқа әкетуге шектеулер енгізілуде

2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін Қазақстан аумағынан бидай мен меслинді, бидай және қара бидай ұнын әкетуге квоталар енгізілуде. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді

«Қазақстан аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі бұйрығымен ел аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 550 000 тонна көлемінде бидай мен меслинді (СЭҚ ТН коды – 1001) және 370 000 тонна көлемінде бидай және қара бидай ұнын (СЭҚ ТН коды - 110100) әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі. Шектеулер 2022 жылғы 8 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейін күшінде болмақ», - деп жазды ведомство.

Бидай мен меслинді, бидай және қара бидай ұнын әкетуге сандық шектеулер ел ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды.

Бұл ретте бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жатады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1387 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3975
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2660
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3375
9 апреля родились
Болат Акчулаков
министр энергетики РК
Юрий Ильин
министр по чрезвычайным ситуациям РК
Forbes Video

Досым Сатпаев: Парламент как парк НУРского периода

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить