Тексеруші органдардың формальды белгілеріне қарап бизнесті жауапкершілікке тартуға мүмкіндігі болмауы тиіс – Әлихан Смайылов

Бейсенбі, 7 шілдеде, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды автоматтандыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz

Кеңес барысында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қоғамдық тамақтану, сауда, қонақ үй қызметтері, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы реттеуші актілерге жүргізілген талдаудың базалық шарттарға сәйкес келмейтін басы артық және бірін-бірі қайталайтын бірқатар талаптарды анықтағанын мәлімдеді.

Алдағы айларда тағы алты бағыт бойынша, ақпарат және байланыс, компьютерлік бағдарламалау саласы, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, жинақтау, тау-кен өнеркәсібі және құбыр көлігінің қызметіне талдау жүргізу жоспарлануда.

Премьер-Министр қазіргі уақытта бизнеске көптеген формальды талаптар қойылғанын атап өтті. Оларды тиісті бақылауды қамтамасыз етуге зиян келтірмейтіндей етіп алып тастауға болады.

Әлихан Смайылов мұндай талаптардың болуы елдегі іскерлік ахуалға кері әсерін тигізетінін, сондықтан орталық мемлекеттік органдардың «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, реттеуші актілерді қысқарту бойынша жұмыс жүргізуі тиіс екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы біздің алдымызға бизнеске көбірек еркіндік беру міндетін қойды. Бұл – жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру аясындағы Үкімет жұмысының басты бағыттарының бірі. Тексеруші органдардың формальды белгілеріне қарап бизнесті жауапкершілікке тартуға мүмкіндігі болмауы тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Осыған байланысты Премьер-Министр тиісті органдарға қайта қарау және қысқарту арқылы қазақстандық нормативтік-құқықтық базаны басы артық талаптардан тазарту жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету кезінде тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру бойынша тәсілдерін мақұлдады.

«Тексеруші ведомстволар бұзушылықтардың қаупі жоғары болған кезде әрекет етуі тиіс. Бизнеске әкімшілік жүктемені азайту және тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу – жүргізіліп жатқан реформадағы негізгі қадамдар. Орталық мемлекеттік органдардың басшыларына осы жұмыстың нәтижелері үшін жеке жауапкершілік туралы тағы да ескертемін», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1747 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3974
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2657
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3371
8 апреля родились
Геннадий Головкин
чемпион мира по боксу
Марат Тажин
Чрезвычайный и Полномочный посол Республики Казахстан в Чешской Республике
Наталья Коржова
президент казахстанской Финансовой академии, глава Евразийского сетевого финансового института
Forbes Video

Профессор Алмаз Шарман - об антиваксерах, БАДах, коллапсе медицины и замены врачей на роботов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить