Алматы автодилерлеріне монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін ескерту жасалды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қаладағы ірі автосалондардың әрекетінен монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін анықтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Жаңа автокөліктерді сату нарығындағы бәсекелестік жағдайын талдау нәтижелері, сондай-ақ Алматы қаласы прокуратурасының материалдары негізінде, «Astana Motors Motor Company» ЖШС (Hyundai Premium Almaty, Hyundai Auto Almaty, Hyundai Premium Batys, Сүйінбайдағы Toyota Center), «Orbis Auto» ЖШС (Nissan Center, Toyota City, Volkswagen Center) және «Toyota Tsusho Kazakhstan Auto» ЖШС (Toyota Center Жетісу, Lexus Center Алматы) әрекеттеріне қатысты, үстем жағдайды теріс пайдалану бөлігінде, тұтынушыларға қосымша тауарларды таңу және автокөліктерді сату бойынша қызметтер көрсетуде, Қазақстан Республикасының бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері анықталды», - делінеді агенттіктің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, 27 маусым күні аталған нарық субъектілеріне мұндай заңбұзушылықтарды тоқтату және алдағы уақытта оған жол бермеу қажеттігі туралы хабарламалар жіберілген.

«Кәсіпкерлік кодекстің нормаларына сәйкес, нарық субъектісі хабарламада көрсетілген әрекеттерді белгіленген мерзімдерде тоқтатпаса, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды. Хабарламаны орындаудың және оның орындалғаны туралы ақпаратты ұсынудың соңғы мерзімі оны нарық субъектісі алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды», - деп түсіндірді агеттікте.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1864 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3975
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2660
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3375
9 апреля родились
Болат Акчулаков
министр энергетики РК
Юрий Ильин
министр по чрезвычайным ситуациям РК
Forbes Video

Что будет с экономикой Казахстана в 2021 году? Мнение экспертов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить