Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы аумағына жарылғыш зат қойылды деген хабар жалған болып шықты, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«28 шілде күні сағат 09:46-да «102» арнасына авиациялық қауіпсіздік қызметінен әуежайдың электронды поштасына әуежай аумағында қолдан жасалған жарылғыш құрылғысының қойылғаны туралы хабар келіп түсті. Құқық қорғау органдары тексеру жүргізді», - делінген хабарламада.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тексеру кезінде әуежай аумағынан жарылғыш зат табылмаған.
Осы орайда аталған ведомство бомба туралы жалған хабар үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді.
Еске сала кетсек, елордада жарылғыш затқа қатысты жалған ақпарат бұған дейін де болған.
Жарылғыш зат туралы хабарға байланысты астанадағы сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды.
Тексеру барысында жарылғыш құрылғы және басқа да күдікті заттар табылған жоқ.
Кейін ҚР Терроризмге қарсы орталығының баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан мен Алматыда орналасқан бірқатар ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деп жалған хабар таратқан адамның ұсталғанын хабарлады.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты»
