Анна Данилина Варшава турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. 

Анна Данилина германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, корт иелері Катажина Кава – Алисия Росольскамен шеберлік байқасты. Бірінші партия барысында К.Кава мен А.Росольска 3:1 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық-германиялық жұп таразы басын аудара білді – 6:4. Екінші сетте есеп 4:5 болған кезде де Данилина мен Фридзам брейк жасай алды – 5:5. Бірақ қарсыластары қайыра брейк жасап, сетті өз есептеріне жазды – 7:5. Супер тай-брейкте қазақстандық-германиялық жұп 8:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін К.Кава мен А.Росольска есепті қысқартқанымен, Данилина мен Фридзам мүмкіндігін жібермеді – 10:5.

Осылайша, Анна Данилина өз спорт жолында жұптық сында үшінші рет WTA жарысының чемпионы атанды. Өткен жылы Гданьск (Польша) қаласында үздік шықса, биыл жыл басында Сиднейде WTA-500 турнирінің жеңімпазы болған еді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1778 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3868
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2537
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3283
27 января родились
заместитель председателя правления АО «BCC Invest»
Forbes Video

Как в Темиртау пустили Миттала, а не Абилова

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить