«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының өкілеттігін кеңейту жоспарлануда

«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы мен «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 766 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Жоба 2022 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 44-тармағын орындау шеңберінде «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамына кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуді жүзеге асыратын төлеушілер, уәкілетті экономикалық операторлар, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асырған тұлғалар және (немесе) үшінші тұлға кепілге салған мүлікті, сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың билик етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды өткізу жөніндегі функцияны беру мақсатында әзірленген.

Осы түзетулерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен жоба әзірленді.

Бұл Жоба https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14169001 сілтемесі бойынша ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылғы 29 шілдеде орналастырылған.

Жобаны жария талқылану мерзімі – 2022 жылдың 12 тамызына дейін.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1454 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3868
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2537
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3282
27 января родились
заместитель председателя правления АО «BCC Invest»
Forbes Video

Олжас Сатиев: как воюют украинские и российские хакеры и как от санкций пострадает Казахстан?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить