Қызылорда облысының барлық тұтынушылары үшін газ бағасы 21% төмендеді

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттері табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін және қоғамдық маңызы бар нарықтардағы бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады.

2021 жылғы 30 маусымда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті есептерді қарау нәтижесі бойынша, тауарлық газды газ таратушы құбырлар арқылы тасымалдау қызметіне 2021 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілуімен 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 3 320,45 теңге мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекіткен болатын (оған дейн 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 9 083,51 теңге мөлшеріндегі тариф қолданыста болған).

Алайда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда филиалы ТМРК-ның Қызылорда облысы бойынша департаментінің әрекеттерімен келіспей, аталған бұйрықты заңсыз деп тану туралы сотқа шағым түсірді.

Барлық сот талқылауларының нәтижесінде, Қызылорда облысы бойынша ТМРКД бұйрығы заңды деп танылды.

Нәтижесінде, Қызылорда облысы тұтынушыларының құқықтарын қорғау мақсатында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда филиалының сомасы 1,4 млрд. теңге негізсіз алынған кірісі тұтынушылардың барлық топтары үшін тарифті уақытша, оның ішінде, халық үшін тариф 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 16 492,52 теңгеден 13 043,49 теңгеге дейін 21% шамасында төмендеуімен 2022 жылғы 1 тамыздан бастап енгізумен бір жыл мерзімге төмендету арқылы қайтарылатын болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1468 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3868
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2537
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3283
27 января родились
заместитель председателя правления АО «BCC Invest»
Forbes Video

Владелец Line Brew: первое за 10 лет интервью

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить